Желілік агенттің дискісін клондау режимі

"Эталонды" құрылғының қатты дискісін клондау, бағдарламалық жасақтаманы жаңа құрылғыларға орнатудың кеңінен таралған тәсілі болып табылады. Клондау барысында "эталонды" құрылғының қатты дискісіндегі Желілік агент әдеттегі режимде жұмыс істесе, келесі мәселе туындайды:

Желілік агенті бар дискінің эталонды бейнесін жаңа құрылғыларға енгізгеннен кейін, бұл құрылғылар Басқару консолінде бір белгішемен көрсетіледі. Мәселе, клондау кезінде жаңа құрылғыларда Басқару серверіне құрылғыны Басқару консоліндегі белгішемен байланыстыруға мүмкіндік беретін бірдей ішкі деректер сақталатындықтан туындайды.

Клондағаннан кейін Басқару консолінде жаңа құрылғыларды дұрыс көрсетпеумен байланысты мәселелерді болдырмау үшін арнайы Желілік агент дискісін клондау режимі көмектеседі. Бағдарламалық жасақтаманы жаңа құрылғыларға дискіні клондау арқылы енгізіп жатсаңыз (Желілік агентпен бірге), осы режимді қолданыңыз.

Дискіні клондау режимінде, Желілік агент жұмыс істеп тұрғанымен, Басқару серверіне қосылмайды. Клондау режимінен шығу кезінде, Желілік агент ішкі деректерді жояды, олардың болуы себебінен Басқару сервері бірнеше құрылғыны Басқару консоліндегі бір белгішемен байланыстырады. "Эталонды" құрылғының бейнесін клондап болғаннан кейін, жаңа құрылғылар Басқару консолінде қалыпты түрде (бөлек белгішелермен) көрсетіледі.

Желілік агент дискісін клондау режимін қолдану сценарийі

  1. Әкімші Желілік агентті "эталонды" құрылғыда орнатады.
  2. Әкімші Желілік агенттің Басқару серверіне қосылуын klnagchk утилитасы арқылы тексереді.
  3. Әкімші Желілік агент дискісін клондау режимін қосады.
  4. Әкімші құрылғыға бағдарламалық жасақтаманы, патчтарды орнатады және құрылғыны қайта жүктеудің кез келген санын орындайды.
  5. Әкімші "эталонды" құрылғының қатты дискісін құрылғылардың кез келген санына клондайды.
  6. Әрбір клондалған көшірме үшін келесі шарттар орындалуы тиіс:
    1. құрылғының атауы өзгертілген;
    2. құрылғы қайта жүктелген;
    3. дискіні клондау режимі өшірулі.

Дискіні klmover утилитасы көмегімен клондау режимін қосу және өшіру

Желілік агент дискісін клондау режимін қосу немесе өшіру үшін:

  1. Клондау қажет болған Желілік агенті орнатылған құрылғыда klmover утилитасын іске қосыңыз.

    klmover утилитасы Желілік агентті орнату қалтасында орналасқан.

  2. Дискіні клондау режимін қосу үшін, Windows пәрмен жолында klmover -cloningmode 1 пәрменін енгізіңіз.

    Желілік агент дискіні клондау режиміне ауысады.

  3. Дискіні клондау режимінің ағымдағы күйін сұрау үшін, пәрмен жолында klmover -cloningmode пәрменін енгізіңіз.

    Нәтижесінде, утилитаның терезесінде дискіні клондау режимінің қосулы немесе өшірулі екені туралы ақпарат көрсетіледі.

  4. Дискіні клондау режимін өшіру үшін, утилитаның пәрмен жолында klmover -cloningmode 0 пәрменін енгізіңіз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Құрылғының бейнесін қармау және көшіру арқылы енгізу

Операциялық жүйенің бейнесін жасау үшін Желілік агенті орнатылған эталонды құрылғыны дайынаду

Басына оралу